Павлодарлық ғашықтар көшедегі жарнама арқылы бір-біріне сәлем жолдай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық ғашықтар көшедегі жарнама арқылы бір-біріне сәлем жолдай бастады

Павлодарлық ғашықтар көшедегі жарнама арқылы бір-біріне сәлем жолдай бастады

Павлодарлық ғашықтар көшедегі жарнама арқылы бір-біріне сәлем жолдай бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 578
Фото - Caravan.kz

Павлодар орталығындағы Естай көшесінде «Қайырлы таң, ғашығым менің!» деген жазуы бар жарнама тақтасы ілулі тұр. Осыған байланысты бір әйел тіпті жергілікті газетке хат жолдап, тақтадағы жазу жеке бір адамға арналған ба, әлде қаладағы барлық әйелдерге қатысты ма деп сауал тастапты.

Жарнамалық тақтаны дайындаған Павлодардағы «Цитадель» атты жарнама агенттігінен хабарлағанындай, бұл тақтаны әзірлеуге қаланың бір тұрғыны тапсырыс беріп, онда жазылған сөздерді өзінің ғашық қызына арнапты. Бірақ тақтада қыздың аты жазылмаған. Агенттікке жылына осындай тапсырыс екі-үш мәрте келіп түсетін көрінеді.
Осындай көше жарнамасына Павлодардың кез-келген тұрғыны тапсырыс бере алады. Жарнамалық тақтаны әзірлеу және оны екі күн бойы көшеге ілу құны шамамен 5 мың теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар