Павлодарлық кеденшілер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Павлодарлық кеденшілер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды

Павлодарлық кеденшілер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды

Павлодар облысының кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізді, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

  • 19 Наурыз 2011
  • 709
Фото - Caravan.kz

Кеш ақынның өзі оқыған өлең жазбаларын тыңдаудан басталды, ал облыстық кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Мақатаевтың поэзиясын жақсы көретін кеденшілер — «Павлодар ЦТО» кедендік бекетінің қызметкерлері Ерік Адамжанов, Талғат Ташметов, Самат Елеусізовтер ақынның өлеңіне жазылған «Сенің көзің» әнін орындаса, Динара Жануақова мен Серік Садықов «Махаббат диалогын» оқып берді.

Бұл кештен кейін ақынның шығармашылығын жақсы көретін кеденшілердің қатары арта түскені анық.

Перейти к новостям спорта