Павлодарлық майдангерлер мен соғыс жылдары зардап шеккендер Тұңғыш Президент күнінде құттықтаулар мен ақшалар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық майдангерлер мен соғыс жылдары зардап шеккендер Тұңғыш Президент күнінде құттықтаулар мен ақшалар алды

Павлодарлық майдангерлер мен соғыс жылдары зардап шеккендер Тұңғыш Президент күнінде құттықтаулар мен ақшалар алды

100 жылдықтарын атап өткен павлодарлық майдангерлер және соғыс жылдарында қаза тапқан сарбаздардың жесірлері, концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары, блокадалық Ленинградтың тұрғындары ҚР Тұңғыш Президенті күнінде құттықтаулар мен ақшалай көмектер алды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Желтоқсан 2012
  • 255
Фото - Caravan.kz


«Біржолғы материалдық көмек қалалық бюджеттің есебінен көрсетілді. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 25 мың теңгеден, ұзақ өмір сүрушілерге 15 мыңнан, жесірлер мен тұтқындарға және блокадашыларға 10 мың теңгеден берілді. Мереке республикамызда алғаш рет аталып өтуде, осы ретте біз ардагерлерді құттықтауды жөн көрдік», — деді Павлодардық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Малика Қалиева.