Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары 11 жүлделі орын иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары 11 жүлделі орын иеленді

Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары 11 жүлделі орын иеленді

Павлодарлық оқушылар командасы Кипрдің Паралимни қаласында өз ғылыми жобаларын нәтижелі қорғады, деп хабарлайды «Ертіс дарыны» ғылыми-зерттеу орталығынан.

  • 8 Шiлде 2011
  • 1183
Фото - Caravan.kz

Паралимниде 4 шілдеде Халықаралық жазғы мектептің сабақтары аяқталды. Бұл сабақтарға Павлодар облысының 11 оқушысы қатысты. Балалар сабақ оқумен қатар демалды, ал жазғы мектептің қорытындысы бойынша ғылыми жобалар қорғалды.

Екібастұздық оқушылар Ақерке Әбжарова мен Назерке Сәдібекованың жобалары бірінші орын алды. Екінші орынды да павлодарлық бес оқушының жобасы иеленді. Команданың тағы төрт мүшесі жүлдегерлер қатарына кіріп, үшінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар