Caravan Logo

Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары 11 жүлделі орын иеленді

Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары 11 жүлделі орын иеленді

Паралимниде 4 шілдеде Халықаралық жазғы мектептің сабақтары аяқталды. Бұл сабақтарға Павлодар облысының 11 оқушысы қатысты. Балалар сабақ оқумен қатар демалды, ал жазғы мектептің қорытындысы бойынша ғылыми жобалар қорғалды.

Екібастұздық оқушылар Ақерке Әбжарова мен Назерке Сәдібекованың жобалары бірінші орын алды. Екінші орынды да павлодарлық бес оқушының жобасы иеленді. Команданың тағы төрт мүшесі жүлдегерлер қатарына кіріп, үшінші орынды қанағат тұтты.