Жарияланды: 560

Павлодарлық полицейлер 19 жасар жігіт пен қызды өлтірген қылмыскерді ұстады

Павлодар полициясы 4 шілдеде 19 жасар жігіт пен қызды өлтірген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

«Жедел-іздестіру және тергеу шараларының нәтижесінде бұл аса ауыр қылмыс ашылды. Облыс орталығының 24 жасар тұрғыны ұсталды», - деп мәлім етті ол дүйсенбі күні брифингте. Оның айтуынша, өлтіруге жастар жұбының көшеде жолыққан ішімдік ішкен адамдармен сөзге келіп қалуы себеп болған. «Олардың дауы төбелеске ұласқан, оған күдіктінің екі досы қатысқан. Олар жігітті ұрып-соғып, ағаш арасына апарып, күдікті оның денесіне бірнеше рет пышақ сұғып алған», - деді А. Оразалиев. Полицияның мәліметінше, осыдан кейін күдікті қызды да өлтірген. Қазір оған қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 2 адам іздеуге жарияланды. «Ол жерде екі бойжеткен мен екі жігіт болған, бәрін көрген. Бірақ олардан полиция тапқан соң ғана жауап алынды. Қазір олар куәгерлер ретінде іске тартылып отыр, бірақ 364 бап – аса ауыр қылмыс туралы хабарламау бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», - деді Павлодар облысы ІІД бастығы. Бұрын хабарланғандайғ 4 шілдеде Короленко көшесінде жігіт пен қыздың жансыз денелері табылған. Жігіттің денесіне 36 рет, қызға 22 рет пышақ сұғылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін