Павлодарлық полицейлер жадынан жаңылу дертіне шалдығып, жоғалып кеткен Шығыс Қазақстандық тұрғынды ұстады
Павлодар облыстық ІІБ-ның қызметкерлері "Іздестіру" шарасының аясында жадынан жаңылу дертіне шалдығып, желтоқсан айының басынан бері жоғалып кеткен Шығыс Қазақстандық тұрғынды тұтқындады. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. |
Тұтқындалған жігіт тұрақты мекені жоқ адам ретінде Павлодардағы қабылдау -тарату орталығына орналастырылған. Тергеу нәтижесінде жігітті Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық ІІБ іздестіріп жатқаны мәлім болды. Жігіт жадынан жаңылу дертіне шалдыққан екен.
Павлодар облыстық ІІББ-нан хабарлағанындай, қазір іздеудегі жігіттің туыстары оны алуға Павлодарға келген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін