Жарияланды: 520

Павлодарлық полицейлер жаңа жылдамдық өлшегішті пайдаланған 10 күнде Т10,9 млн айыппұл салды

Павлодар облыстық жол полициясының қызметкрелері жаңа жылдамдық өлшегіш аспап - «Бинар» жүйесін пайдаланған 10 күн ішінде жүргізушілерге Т10,9 млн айыппұл салды, деп облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәлім етті.

2 шілдеден бастап біз жылдамдық өлшегішті пайдаланамыз. Бүгінге онымен әкімшілік жауапкершілікке 3440 адам тартылып, 10,866 млн теңге айыппұл салынды. Бұл аралықта жүргізушілер де тәртіпті бола бастады. Осы аралықта адам өліміне соқытрған ЖКО тіркелмеді. Ал ондай апаттардың себептері жылдамдықтың тым жоғары болуынан», - деп дүйсенбі күні А. Оразалиев мәлім етті. А. Оразалиевтің мәліметтерінше, жол жүру ережесінің бұлуын анықтау 80%-ға артты. Еске салсақ, Павлодар облыстық бюджеттен «Бинар» жылдамдық өлшегіштерін алуға Т34 млн қаражат бөлініп, оған маусым айында 38 аспап сатып алынған. «Бинар» жылдамдықты бейнежазумен тіркеп қалатын аспап. Жылдамдықпен қатар бұл аспап көлік туралы бейнежазу, уақыты мен өлшеу режимі туралы ақпарат береді. «Бинар» алынған мәліметтерді оперативтік жадына сақтап, және қажет болған жағдайда, аспапты пайдаланушының бұйрығымен оны ұзақ мерзімдік есіне сақтап алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін