деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Мәдина музыкалық колледждің бірінші курсында оқиды, ол мектепте оқып жүрген кезінде-ақ республикалық және халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған еді.
Қазылар алқасының төрағасы конкурс өткізілген 26 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстан өкілі лауреат атанғанын атап өтті.
Скрипкашының концертмейстері Марго Колаян «Таңдаулы концертмейстер» арнайы жүлдесіне және дипломға ие болды. Мәдинаның табысы оның оқытушысы Яна Касьянның жоғары кәсіпқой шеберлігінің арқасында мүмкін болды, ол дарынды шәкіртінің талантын ашуға көп еңбек сіңірді.