Павлодарлық скрипкашы қыз Италиядағы халықаралық байқауда арнайы сыйлық иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық скрипкашы қыз Италиядағы халықаралық байқауда арнайы сыйлық иеленді

Павлодарлық скрипкашы қыз Италиядағы халықаралық байқауда арнайы сыйлық иеленді

Павлодарлық скрипкашы қыз, Мәскеу мемлекеттік консерваториясының 3-курс студенті Меруерт Кәрменова скрипкашылардың 33-ші халықаралық «Родольфо Липицер сыйлығы» байқауына Қазақстанның атынан қатысты. 

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 738
Фото - Caravan.kz


Конкурс қыркүйек айында Италияда өтті. Бұл туралы Павлодар облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайтында хабарланды.

Байқауға әлемнің 17 елінен талантты музыканттар қатысты. Күрделі үш кезеңнен кейін финалға тек алты музыкант қана шықты, олардың арасында Меруерт те бар еді. Байқау «Lipizer 2014» сайты арқылы көрсетілді, сондай-ақ оны You Tube бейнехостингінен де тамашалау мүмкін болды.

Финал қорытындысы бойынша жерлесіміз Меруерт Родольфо Липицер сыйлығының және байқаудың арнайы 3 сыйлығының иегері атанды. Оның ішінде «Байқаудың ең жас финалисі» аталымы да бар.

Айта кетейік, Меруерт Кәрменова түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты болып табылады.

Перейти к новостям спорта