Павлодарлық студент Анастасия Гусева Чехиядан алтын медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық студент Анастасия Гусева Чехиядан алтын медальмен оралды

Павлодарлық студент Анастасия Гусева Чехиядан алтын медальмен оралды

Павлодардағы Инновациялық еуразия университетінің 2-ші курс студенті Анастасия Гусева Чехияда өткен пауэрлифтинг бойынша Әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

  • 11 Маусым 2012
  • 552
Фото - Caravan.kz

Настя 72 келіге дейінгі салмақта шалқалай жатып 152 келі зілтемірді көтеріп, рекорд орнатты.

А. Гусева 22-де, пауэрлифтингпен жаттықтырушы Иван Прокопенконың басшылығымен 17 жасынан бері айналысып келеді. Өзінің алғашқы жеңісіне ол 2007 жылы Қазақстан чемпионатында қол жеткізді, онда ол бірінші орын алды. Кейін 2008 жылы Азияның Кубогында басып озды. Настя 2009 жылы алғашқы рет әлем чемпионатына қатысып 3-інші орынды еншіледі.

Настя ағымдағы жылдың тамыз айында Польшада өтетін ауыр атлеттердің әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера