Жарияланды: 500

Павлодарлық тұрғын болашақ тойдың қамы үшін ұрлыққа барды

Бейнебақылау камерасы ұрыны анықтауға көмектесті. Павлодарда 22 жастағы жігіт трамвай жолына төселетін кеспе тастарды ұрлап жатқан жерінде құрықталды. Өзінің айтуынша, күдікті оны ошақ қалауға пайдаланбақ болған екен.

Жігіт бұл жорыққа таңғы сағат 4-те шыққан. Көлігіне аяғы ауыр жұбайын отырғызып алып, трамвай құрылысы жүріп жатқан басты көшелердің біріне аялдайды. Әйелі машина ішінде қалып, ері жол жиегінде үйіліп тұрған кеспе тастарды көлігіне тиеуге кіріскен. Бұны бақылау камерасынан көрген жедел басқару орталығының мамандары оқиға орнына дереу полиция жасағын жіберген. Еш жерде жұмыс істемейтін 22 жастағы отағасы 75 дана тасты көлігіне салып үлгеріпті. Жақында әке болатын жігіттің ертең қонақ шақыра қалса, тамақ асатын ошағы жоқ екен. Сондықтан ұрланған тастан пеш қаламақ болғанын айтады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін