Бұл туралы Павлодар ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Ол Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден өткен Әлем чемпионатында жеке есеп бойынша қола медаль жеңіп алды.
«Вячеслав шағын калибрлі тапаншамен 50 метр қашықтықтан нысана көздеуде Ресей, АҚШ және Қытай спортшыларынан озып, тек жапондық және корейлік қарсыластарына есе жіберді», — деп хабарлады жоғары спорттық шеберлік мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Сергей Дрешер.
В. Подлесный 2002 жылы спорт шебері нормативін орындаса, 2005 жылы Таиланда өткен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, ал 2006 жылы жауынгерлік қарудан ату бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионы атанды.