Жарияланды: 390

Павлодарлықтар биылдан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды

Павлодар тұрғындары 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аймақтық Табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.

Департамент деректеріне қарағанда, жылу өлшеу құралдары бар тұрғындар үшін тариф 46 пайыз арзандайды. Атап айтсақ, дербес жылыту пункттері (бойлер) бар үйлердің тұрғындары жылудың 1 Гкалы үшін 892 теңге, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер 903 теңге төлейді. Ал, жылу шығынын өлшеу құралын орнатпаған тұрғындар үшін тариф орта есеппен 8 пайыз көтеріледі. Дербес жылыту пункттері (бойлер) бар үйлердің тұрғындары жылудың 1 Гкалы үшін 1810 теңге, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер 1807 теңге төлеуі тиіс. Қазіргі таңда Павлодардағы көп қабатты тұрғын үйлердің тек 4 пайызында ғана жылу өлшеу құралдары орнатылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін