Павлодарлықтар биылдан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлықтар биылдан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды

Павлодарлықтар биылдан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды

Павлодар тұрғындары 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылу ақысын сараланған тариф бойынша төлейтін болды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аймақтық Табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Департамент деректеріне қарағанда, жылу өлшеу құралдары бар тұрғындар үшін тариф 46 пайыз арзандайды. Атап айтсақ, дербес жылыту пункттері (бойлер) бар үйлердің тұрғындары жылудың 1 Гкалы үшін 892 теңге, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер 903 теңге төлейді.

Ал, жылу шығынын өлшеу құралын орнатпаған тұрғындар үшін тариф орта есеппен 8 пайыз көтеріледі. Дербес жылыту пункттері (бойлер) бар үйлердің тұрғындары жылудың 1 Гкалы үшін 1810 теңге, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер 1807 теңге төлеуі тиіс.
Қазіргі таңда Павлодардағы көп қабатты тұрғын үйлердің тек 4 пайызында ғана жылу өлшеу құралдары орнатылған.