Павлодарлықтар Қала күнін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлықтар Қала күнін атап өтті

Павлодарлықтар Қала күнін атап өтті

Қыркүйектің 18-і күні павлодарлықтар қала күнін атап өтті.

  • 20 Қыркүйек 2010
  • 541
Фото - Caravan.kz

Дәстүр бойынша қала тұрғындары Жеңіс саябағына барып, Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жаңбырлы ауа-райына қарамастан орталық алаңда мерекелік көңіл-күй орнады. Павлодар әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын құттықтай келе, «қаламыздың гүлденуі үшін көп шаралар қолға алынды. Жаңа үйлер салынып, жүздеген аулалар абаттандырылды, «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуының арқасында мыңдаған бүлдіршін бала бақшаға барып жүр», — деп атап өтті.

Қала күні қатарынан он алаңда аталып өтілді.

Жағалаудағы орталық алаңда салауатты өмір салтын ұстанатындар әртүрлі спорт түрлері бойынша күш сынасты.

Биылғы жылы мерекелік концертке симфониялық, джаздық орекстрлер, камералық ұжымдар мен фольклорлы ансамбльдер қатысты.

Кешке қала тұрғындары Қазақстан мен Ресейдің эстрада жұлдыздары қатысқан «Ән мен күйге бөленген, Павлодар!» концертін тамашалады.