Павлодарлықтар тренингке барамыз деп, алданып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлықтар тренингке барамыз деп, алданып қалды

Павлодарлықтар тренингке барамыз деп, алданып қалды

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі Antares Limited инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

  • 12 Қараша 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, компания қызметкерлері инвестиция бойынша тренингтер өткізу арқылы азаматтардың ақшасын алған. Агенттік тренингке қатысушылар компания қызметкерінің банк шотына ақша аударғанын мәлімдеді. Содан кейін олар виртуалды ақша есептелген электронды парақшаға қол жеткізген.

"Бұл қаражатқа күніне салым сомасының 1 пайызы уәде етілген инвестициялық пакет сатып алынған. Ақша айналымы тек жаңа салымшыларға пакеттер сату немесе қосымша инвестициялық пакеттер сатып алу арқылы жүзеге асқан. Сонымен қатар, жаңа салымшыны тарту үшін салым сомасының 1-ден 5 пайызға дейінгі мөлшерінде сыйақы қарастырылған, олар да виртуалды ақшамен төленген", — делінген баспасөз хабарламасында.

 

Фото Тұрар Қазанғапов©Фото Тұрар Қазанғапов©

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі Antares Limited инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, — деп хабарлайды 
Tengrinews.kz
 тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, компания қызметкерлері инвестиция бойынша тренингтер өткізу арқылы азаматтардың ақшасын алған. Агенттік тренингке қатысушылар компания қызметкерінің банк шотына ақша аударғанын мәлімдеді. Содан кейін олар виртуалды ақша есептелген электронды парақшаға қол жеткізген.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі осындай күмәнді жобаларға қатысудан бас тартуға шақырады. Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының құрбаны болса, сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз+7 7172 708 478", — делінген хабарламада.