Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Это Павлодар, Детка!» қауымдастығында Даниял Санатов есімді азамат екі сурет жариялаған. Оның айтуынша, сурет «Бейбітшілік» аялдамасында түсірілген. Жәшіктің сыртында «Ақшаң жетпесе ал, артық болса қалдырып кет. Мейірімділік үшін! №35 мектеп 7А сыныбы» деген жазу жазылған.