"Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан мұнай төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан  мұнай төгілді

"Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан мұнай төгілді

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. "Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан мұнай төгілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қазан 2006
  • 447
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай Қарағанды облысында Теміртаудан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде болған. 16-қазанда 17 сағат 50 минутта «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының учаскесінде мұнай төгілді. 20 сағат 17 минутта апат болған учаске желілік тиектермен жабылып, мұнайдың ағуы тоқтатылды.

Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 20 адамы мен 6 техникасы құбырды қалпына келтіру, төгілген мұнай мен ластанған топырақты пайдалы жарату жұмыстарын жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта