ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұжымы мерейто иесін құттықтайды.
Бекжасар Нәрібайұлы Нарбаев 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Бектөбе атындағы ұжымдық шаруашылығында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1992 жылы шет елдерде жұмыс істеу тәжірибесі бар, шет тілдерін меңгерген, ысылған білікті маман Б.Нарбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесіне қызметке шақырылды.
Егемен Қазақстанның шет елдегі бірінші дипломатиялық өкілдігі — Түркия Республикасындағы Елшілігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ресми түрде ашқаннан кейін, Б.Нарбаев Түркияға 1992 жылы қазанда барып, онда 1996 жылдың соңына дейін Елшіліктің Бірінші хатшысы және Кеңесшісі болып қызмет атқарды.
1997-1999 жылдары еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында Бас басқарманың басшысы, департамент директоры ретінде жалғастырды.
1999 жылғы сәуірде Б.Нарбаев Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Сол жылы ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы жанындағы Елшілер мен жетекші қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру курстарын бітіреді (халықаралық маманы).
2003 жылғы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 13-мәжілісінде ЭЫҰ Бас хатшысы болып сайланды (Тегеран, ИРИ).
2004 жылы Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратына Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші болып тағайындалды.
2005-2006 жылдары Сыртқы істер министрінің Кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2007 жылдан қазіргі кезге дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі және қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры.
Ол түрік және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар Отан алдында үлкен еңбек сіңірген дипломат. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне Еңбегі сіңген қайраткер. Саяси ғылымдарының докторы, профессор. 100-ге жуық ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 5 монография, 4 оқу құралы.
Жоғарғы білім беру, Сауда-өнеркәсіптік палата мен Сыртқы істер министрлігі жүйелерінде жұмыс атқарғанда шет елдерде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының, еліміз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ғылыми, техникалық, экономикалық жетістіктерін және сыртқы саясатын белсенді түрде дәріптеді. Мысалы, 1983 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Министрлер Кеңесі жолдауымен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ғылымы, техникасы және экономикасы» көрмесіне лектор-сарапшы ретінде Въетнамға барады. Ол — Хошимин қаласының құрметті азаматы. 1986 жылы осы мекеме жолдауымен Индияға Халықаралық Дели Жәрмеңкесіндегі Кеңес Одағы экспозицияның Қазақ бөлімінің басшысы болып барды.
2003 жылдың қыркүйек айында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 58-сессиясына делегат ретінде қатысады (АҚШ, Нью-Йорк). Оған қосымша, сол 2003 жылдың қараша айында Малайзияда өткен Ислам ұйымдарының конференциясына (ОИК) қатысты (Куала-Лампур, 2003).
Сонымен қатар іссапармен Оңтүстік-Шығыс Азия, Араб елдері және Еуропаның көптеген елдерінде болған.
Б.Нарбаев жұмыстың барлық салаларында өзіне және қарамағындағыларға деген талабы зор, жоғары білікті, аса зиялы, ұйымдастырушылық қабілеті мол басшы ретінде белгілі. Ол тұла бойында іскерлік, еңбексүйгіштік, мақсаткерлік, жауапкершіліктік және адамды түсіне білу, қарамағындағыларына ізгі қарым-қатынаспен қарау, кішіпейілділік пен шыншылдық секілді қасиеттерін ұштастыра білген. Оның жарқын өмірі — Отанына риясыз қызмет етудің үлгісі.
1984 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғары және арнайы орта білім Министрлігі Б.Нарбаевты жоғары білім беру саласында көрсеткен қызметі үшін «Кеңестік Социалистік республикалар Одағының жоғары білім беру Үздігі» медалімен марапаттайды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қосқан белсенді үлесі үшін Б. Нарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-министрінің Алғыс хаттарымен марапатталады.
2003 жылы жоғары білім беру саласында сіңірген еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын дамытуда атқарған қызметі үшін Б.Нарбаевқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Алғыс хатын және арнайы омырау белгісін тапсырды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Астана қаласының дамуына қосқан еңбегі үшін «10 жыл Астана» мерейтойлық медалімен марапатталады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің бұйрығымен Б. Нарбаевқа «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірінің бұйрығымен еліміздің сыртқы саясатын дамытуға қосқан Ерен еңбегі үшін «Нәзір Төреқұлов» медалімен марапатталады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің бұйрығымен Б.Н. Нарбаев «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 20 жылдығына орай» естелік медалімен марапатталды.
Бүгінде ұлагатты ұстаз, белгілі ғалым, дипломат Бекжасар Нарбаев егеменді еліміздің жоғары білім беру саласында және сыртқы саясатына өз үлесін қосып келеді.
Бекжасар Нәрібайұлы, мерейтойыңыз құтты болсын!