Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілерде Педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) шілде айында өткізу туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді.
«ПББ-ны өткізу күнін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі белгілейтінін және қолданыстағы бұйрықта шілдеде ПББ өткізу көзделмегенін ресми түрде хабарлаймыз. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын ПББ өткізу күндері туралы ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы тегін және тек онлайн форматта жүзеге асырылатынын еске салынады.
«Сақ болыңыздар! Желіде таратылып жүрген тестілеуді тапсыруға көмектесу туралы хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер және алдаудың құрбаны болмаңыздар.Сіздерді ПББ-ға өтініштерді қабылдау және өткізу күндері туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз», — дейід Ұлттық тестілеу орталығындағылар.