Жарияланды: 410

Педофил дін қызметкерлерінен зорлық көрген 80 адам Ватиканды сотқа берді

Бельгияда католик шіркеу қызметкерлері төңірегіндегі жанжал ушыға түсті. Педофил дін қызметкерлерінен зорлық көрген 80 адам Ватиканды сотқа берді.

Осы уақытқа дейін жергілікті шіркеуге талай арыз жазып, ештеңе өндіре алмаған жәбірленушілер енді зорлықшыл қызметкерлеріне Ватикан жауап беру керек деп есептейді. Жергілікті басылымдар да осы сорақы әрекеттерден Папа құлағдар болған, сөйте тұра,«еш әрекет етпеген»деп жарыса жазып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, жанжал былтыр мамыр айында бельгиялық епископ Брюгге Роже Вангелювенің  жиендерін зорлағанын мойындағаннан кейін шыққан болатын. Епископ жазғы демалысқа келген екі жеткіншекті үш ай бойы бірнеше рет жыныстық қатынасқа баруға итермелепті. Аталмыш оқиғадан соң дін өкілдерінен зомбылық көрген ондаған адам сотқа шағымданған. Шіркеу тағылған айыптардың барлығын мойындап, жәбірленушілерге өтемақы төленетінін айтты. Алайда зорлық көргендер бұл істе тікелей Ватиканның жауап беруін талап етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін