Педофилдер Қазақстанға кіре алмайтын болады - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофилдер Қазақстанға кіре алмайтын болады - Бас прокуратура

Педофилдер Қазақстанға кіре алмайтын болады - Бас прокуратура

ТМД елдері келесі жылы қылмысқа бой алдырған азаматтардың бірыңғай базасын енгізеді.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін xалықаралық форумда ҚР Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Қандай да бір қылмыс жасаған азаматты ел шекарасынан өткізбей тастау -қолдан келетін шара. Ол үшін тиісті ақпаратқа иелік етуіміз керек. Қазіргі уақытта біз әріптестермен бірге қылмысқа бой алдырған азаматтардың бірыңғай базасын жасақтауды қолға алдық. Шекарада, әуежайлар мен вокзалдарда шекара қызметі бар, олар сондай адамдарды анықтап, ол адамдардың біздің шекарадан өтуіне жол жоқ екендігін жеткізеді», — дейді А Кравченко.

Оның сөзіне қарағанда, ол үшін шетел әріптестерінен мәліметтер базасындағы ақпаратты алуы тиіс.

«Меніңше, ТМД елдерінің бірыңғай базасына келесі жылы қол жеткізе аламыз. Шекара қызметінде егер қандай да бір азаматтың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылғанын анықтаса, еш түсіндірме берместен, оған шекарадан өтуіне рұқсат бермеуіне құқығы бар. Бұл, әрине, қылмыс жасаған, заң бұзған, бұның алдында Қазақстаннан шығарылған азаматтарға қатысты. Немесе шетелде қылмыс жасаған, қылмыстық іспен айналысушы тұлғаларға да байланысты», — деп атап өтті А. Кравченко.

Оның айтуына қарағанда, осы тұрғыда, Қазақстанға педофилдердің еніп кетпеуіне ерекше мән берілмек.


«Ол ақпаратты біз ішінара Интерполдан да алып отырмыз. Егер біз бұл азаматтың кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасағанын, соның ішінде сексуалдық сипатта зорлық істегенін анық білетін болсақ, Қазақстанның шекара қызметі ол азаматты Қазақстанға кіргізбейді», — деп түйді сөзін А. Кравченко.

Соңғы жаңалықтар