Педофилдерге бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофилдерге бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады

Педофилдерге бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады

Республикада жаңа ережелер мен өзгерістер әзірленді

  • 8 Қазан
  • 6
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Құжатқа сәйкес, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық жасағаны үшін сотталғандарға бостандыққа шығар алдында алты ай бұрын жасалады.

«Мекеменің әкімшілігі жаза мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей психикалық бұзылулардың және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа бейімділіктің болуын (немесе болмауын) анықтау үшін сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды сотқа береді», — делінген бұйрықта.

Алайда бұл нормалар есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуына байланысты сот шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жүзеге асырылған сотталғандарға қолданылмайды.

Перейти к новостям спорта