Педофилдікті көбейтіп жатқан екінші, үшінші күйеулер ме? Өгей әкесі алты жыл бойы зорлаған қыздың аналарға айтары бар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофилдікті көбейтіп жатқан екінші, үшінші күйеулер ме? Өгей әкесі алты жыл бойы зорлаған қыздың аналарға айтары бар

Педофилдікті көбейтіп жатқан екінші, үшінші күйеулер ме? Өгей әкесі алты жыл бойы зорлаған қыздың аналарға айтары бар

Қазір елімізде ажырасу көп. Мұндай жағдайдың бала тағдырына әсері болатынын ата-аналар ескере бермейді. Кей әйелдер перзентімен екінші күейуге тиеді. Бір бала тапқаннан кейін онымен де ажырасып, үшіншісіне тиеді.

  • 10 Қазан 2017
  • 3787
Фото - Caravan.kz

Өгей әкесі 8 жасында зорлап, содан 14 жасына дейін қорлық көрген Әлия Естенова «КАРАВАН» газетіне сұхбат берді. Оның да әкелері әр бөлек үш апа-сіңлісі бар екен. Ал өзін 6 жыл бойы зорлаған өгей әкесі 10 жыл бұрын сотталып кетіпті. Әлияның осыншама уақыт көрген қорлығын жасырып келгеніне сол өгей әкесінен қатты қорыққаны себеп. Ал бұның бәрі 14 жасында дәрі ішіп өлмек болған кезінде анықталған. Қайта қыз аман қалды.

«Мен одан (өгей әкесінен – ред.) қорықтым. Анамды алғаш ұрған кезінде араларына тұрып едім, мені аямай ұрып, мұрнымды сындырды. Осыдан кейін анама оның маған не істеп жүргенін қалай айта аламын? Анам мен сіңлілерімді ойладым. Бір күні ол мас боп келіп, өзінің туған қызын әлдебір зат сияқты диваннан қағып түсірді. Мен ұстап қалмағанда, сіңлім еденге құлайтын еді. Үш апа-сіңлімнің әкелері әртүрлі болса да, олар мен үшін туғанымдай. Оларды жақсы көремін. Ресейде тұратын өгей бауырымды да туғаным санаймын» дейді Әлия.

Ол ана атаулының бәрі баласын жақсы көргенін қалайды. Әлияның ойынша, бүлдіршіндердің әр қадамына көңіл бөлінуі керек.


«Егер балаңыз аяқ астынан күйеуіңізбен бірге дүкенге барғысы келмей қалса, не жағдай болғанын сұраңыз. Әйел бір ер адамды сүйіп қалса, оның айналасында болып жатқан нәрселерді көрмеуі, естімеуі – жиі болатын жағдай. Ал егер бұрын психологиялық жағынан қатты соққы алған болса (мысалы, әке-шешесі ұрған), ол баласына жасалған зорлыққа көз жұма қарауға дайын. Әйтеуір, өзі көрген сұмдықтар енді қайталанбаса екен дейді. Мен бұл жерде өз анамды емес, жалпы бұрынғы некеден туған баласымен күйеуге шығатын әйелдерді айтып отырмын» дейді Ә.Естенова.