Педофилдің 6 жасар қызды зорлауына қыздың анасы келісімін берген бе? Оқиғаның мән-жайы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофилдің 6 жасар қызды зорлауына қыздың анасы келісімін берген бе? Оқиғаның мән-жайы анықталды

Педофилдің 6 жасар қызды зорлауына қыздың анасы келісімін берген бе? Оқиғаның мән-жайы анықталды

Қарағандыда болған сұмдық жайтқа қатысты әйел адам мен оның көңілдесі баланы зорлап, қорлағаны үшін үкім шықты.

  • 25 Ақпан 2020
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жсап хабарлайды. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот мәліметінше, кішкентай қыздың өміріндегі қорқынышты оқиға ол үш жаста болған кезде басталған. Анасы оны сүйіктісімен кездесуге алып келіп жүрген. Ер адам балаға зорлық көрсеткен. Олар іс-әрекеттерін видеоға түсіріп, арнайы сайттарға жүктеген. Бұл қорқынышты жайттарды бала алты жылға жуық өткерген. 

"Қылмысты Интерпол анықтады. Ер адам кәмелетке толмаған бала туралы порнография материалдарын таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыс порнография материалдары арқылы ашылды. Құқық қорғау органдарына тапсырылды", — дейді судья Бекзат Шалғымбаев. 

Қылмыскер жасаған әрекеттері үшін 21 жылға, баланың анасы 16 жылға сотталды. 


"Барлығы әйел адамның рұқсатымен болған. Психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша ол ақыл есі дұрыс екені анықталды", — деді судья.

Телеарна мәліметінше, әйел адамның күйеуі және екі кішкентай қызы болған. Ол қалған қыздарына тиіспеген. Үлкен ауыртпалық үлкен қызына түскен. Қазір оның жасы 14-те. Жәбірленуші оқыған мектеп қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін күдік туғызатын жайт болмаған.