Пекинде Қытай мен онымен шекаралас елдер өкілдерінің шекара мәселесіне қатысты келіссөздері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде Қытай мен онымен шекаралас елдер өкілдерінің шекара мәселесіне қатысты келіссөздері өтеді

Пекинде Қытай мен онымен шекаралас елдер өкілдерінің шекара мәселесіне қатысты келіссөздері өтеді

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. 10-13-тамыз аралығында Пекинде Қытай мен онымен шекаралас Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің үкіметі өкілдерінің шекара мәселелерін реттеуге қатысты бірлескен отырысын өткізу межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Тамыз 2006
  • 1069
Фото - Caravan.kz



І.Омаровтың айтуынша, Қазақстан өкілдерін мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі ҚР үкіметі өкілдерінің жетекшісі, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Вячеслав Гиззатов басқарады.

«Кездесу барысында жекелеген учаскелерде мемлекеттік шекараны демаркациялау қорытындысы шығарылады деп күтілуде»,- деді ҚР СІМ-нің өкілі.

Перейти к новостям спорта