Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды

Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды

Бүгін, 23-қыркүйекте Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды,- деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 665
Фото - Caravan.kz

Коммюникеде атап көрсетілгеніндей, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы құрылғаннан бері сан-салалы ынтымақтастықтар аясы үздіксіз кеңейіп, байланыстар беки түсуде, ұйымның құрылымдық ұйымдастырылуына бағытталған жұмыстар ретімен атқарылып келеді. Ұйым Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды ықпалдастық тетіктерінің біріне айналуда. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы дүниежүзілік қауымдастықтың назарына іліккен маңызды ұйымға саналады.

Қазіргі таңда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының шеңберінде көп бағытты және көп деңгейлі кездесулер тетігі жасалып, тиісті заңдық база қалыптасты. Ұйым аясындағы тұрақты жұмыс істейтін екі маңызды орган — Пекиндегі хатшылық пен Ташкентте орын тебетін лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымның толыққанды іске қосылуы Ұйым үшін айрықша маңызды болмақ.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының бұл жолғы кездесуінде Ұйымға мүше елдердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Атап айтсақ, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер 2004-жылдың 1-қаңтарына дейін аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жобасы туралы ұсынысты әзірлеп Ресей жағына табыс етеді деп келісілді.
Сондай-ақ, үкімет басшылары «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының 2004-жылғы бюджеті туралы» және «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органдарының штаттағы қызметкерлеріне төленетін өтемақылар мен кепілдемелер, олардың айлық жалақысы мен жұмыс тәртібі туралы » шешімдерді қабылдады.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары өздері қабылдаған коммюникеде қазіргі таңда белең алған экономикалық ғаламдану және аймақтану процесстері аясында ұйымға мүше елдердің көп жақты экономикалық ынтымақтастығының тереңдей түсуі — бұл елдердің экономикалық әлеуетінің нығаюына және ұйым шеңберіндегі топтасуға түрткі болады дегенге сенім білдірді.
Үкімет басшыларының пайымдауынша, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың басты мақсаты — сауда және инвестиция саласында өзара қолайлы жағдай жасау жұмысын пәрмендендіру болып табылады.
Үкімет басшылар бас қосуының соңында осындай кезекті отырысты 2004-жылы Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының Пекин кездесуіне Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Қырғызстан үкімет басшысы Николай Танаев, Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов, Өзбекстан үкімет басшысы Өткір Сұлтанов, Ресей үкімет басшысы Михаил Касьянов, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао мырзалар қатысты.