Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуі болып өтті

Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуі болып өтті

Бүгін, 23-қыркүйекте Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуі болып өтті,- деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 365
Фото - Caravan.kz

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының екінші бас қосуына Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан , Өзбекстан , Ресей және ҚХР үкімет басшылары мен ұйымға қатысушы елдердің әртүрлі министрліктері мен мекемелерінің өкілдері қатысуда. Кездесу шашамен 1 сағат 25 минутқа созылды.

Алты мемлекет үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы Пекин бас қосуына Қытай жағынан осы елдің темір жол министрлігі, коммуникациялар министрлігі, сыртқы істер министрлігі, коммерция министрлігі, мәдениет министрлігі мен даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері қатысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет бсшыларының бұл жолғы кездесуінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мен аймақтағы экономикалық ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру мәселесі назар төріне алынды.

Соңғы жаңалықтар