Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының екінші бас қосуына қатысу үшін Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Қырғызстан үкімет басшысы Николай Танаев, Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов, Өзбекстан үкімет басшысы Өткір Сұлтанов, Ресей үкімет басшысы Михаил Касьяновтар келді. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао да шетелдік әріптестеріне қосылды.
Алты мемлекет үкімет басшыларының Пекин бас қосуында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мен аймақтағы экономикалық ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру мәселесі назар төріне алынбақ.