Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, ұйымға мүше елдер өкілдерінің отырысы 22-25-қаңтарда өтеді.
«Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының Бішкекте өтетін саммиті мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысына дайындық, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберіндегі басқа да өзекті ықпалдастық мәселелері төңірегінде пікір алмасылады»,- деді СІМ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті