Пекинде ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қытай комитетінің үшінші мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қытай комитетінің үшінші мәжілісі өтеді

Пекинде ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қытай комитетінің үшінші мәжілісі өтеді

АСТАНА. 14 қараша . Kazakhstan Today. Пекинде 17 қарашада ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қытай комитетінің үшінші мәжілісі өтеді, бұл жөнінде ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Қараша 2006
  • 393
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жағынан вице-премьер министр Кәрім Мәсімов , ал Қытай жағынан ҚХР мемлекеттік кеңесі вице -премьері У И басқарған комитет мәжілісі барысында , тараптар төменгі комитеттің жұмысын қорытындылап, ынтымақтастық жөніндегі комитеттің 2005 жылы Астанада өткен екінші мәжілісіндегі келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылайды, сонымен қатар алдағы жылы атқарылатын іс шараларды белгілейді. Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, «ынтамқтастық жөніндегі комитеттің үшінші мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша хаттамаға қол қою жоспарланған».

СІМ ақпаратына сәйкес, ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қытай комитеті 2004 жылы 17 мамырда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР мемлекеттік іссапары барысында қол қойылған үкіметаралық келісім аясында құрылған. Комитеттің құрамында он төменгі комитет және екі жақты ынтымақтастықты қамтитын бірлескен комиссия бар.

Перейти к новостям спорта