«Пенсиямды беремін, арабқа шықпа»: Тағы бір қыз 10 млн беретін араб жігітіне күйеуге тиемін деп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пенсиямды беремін, арабқа шықпа»: Тағы бір қыз 10 млн беретін араб жігітіне күйеуге тиемін деп шықты

«Пенсиямды беремін, арабқа шықпа»: Тағы бір қыз 10 млн беретін араб жігітіне күйеуге тиемін деп шықты

TikTok желісінде немересі әжесіне араб жігітіне тұрмысқа шығамын деп шықты. Болашақ араб күйеу баласы қалың малға 10 миллион теңге беретінін айтып, әжесінің зәресін одан бетер ұшырды.

  • 16 Ақпан 2022
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қалың малы құрысын! Кез келген қазақтың жігіті саған қолын кел деп созады. Кез келген қазақ жігіт сен үшін жақсы жар. Қазақтар ондай ақша бермей-ақ қойсын. Өзіңді ойлашы!» — деді әжесі.

Бойжеткен қазақ жігіттердің 10 миллион бермейтіндігін айтып өтті.

«Ойбай, бермей-ақ қойсын. Құдай-ау, 10 миллионы құрысын. Көк тиін бәрі болады ғой. Зейнетақымды беремін. Елге күлкі боламыз ертең» — деп немересінің абыройын уайымдаған әжесі кеудесін ұстады.

«Әже, қазір ақша билеген заман. Менің көк тиінім жоқ, ертен қалай отырамын, ойласай. Сенің 100 мың теңгең түкке де жетпейді. Маған сондай бай адам керек. Араб деген ол да мұсылман ғой. Ел не демей жатыр? Күлкі болмайсың» — деді қалжың үшін айтқан немересі.

Желі қолданушылары : «Әже дұрыс айтады, қалың малы құрсын», «Пенсиямды берем дейді ма,жаным-ау», «Ең ақылды жандар қартайып жатыр, тыңдап, ұғып қалыңдар», «Жасыңыз ұзақ болсын», «Әженің жүрегін ауырттың ғой, құрысын пранкы, ұзақ өмір тілеймін» деп өз пікірлерін білдірді.


ВИДЕО: https://www.facebook.com/100069271123787/videos/1136805686859893