Жарияланды: 390

Пентагон АҚШ-тың қорғаныс бюджетінің қысқаруына байланысты үнемдеуге көшті

Пентагон АҚШ Қорғаныс министрлігі бюджетінің ауқымды қысқаруының қаржылық салдарын жеңілдетуге бағытталған үнемдеу шараларын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы Пентагон басшысы Леон Панетта баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Бұл шаралар азаматтық тұлғаларды жұмысқа жалдаудан бас тарту, техникалық қызмет көрсету жөніндегі кейбір жұмыстарды кейінге қалдыру және басқа да шығындарды азайтуды қамтиды. «Біз қол қусырып қарап отырмауымыз керек», дейді Л.Панетта. АҚШ Қорғаныс министрінің айтуынша, қорғаныс бюджетін қысқарту елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін орасан зиян шектіреді. АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі алдағы он жыл ішінде қорғаныс саласына кететін шығынды 487 млрд $-ға қысқартуды жоспарлап отырғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін