Д.Рамсфельдтің сапары бүгін, 18-қазанда Қытайдан басталды. Пентагонның баспасөз қызметінен Ресейдің ақпараттық агенттігіне хабарлағанындай, Пекинде Д.Рамсфельд «елдің әскери-саяси басшылығымен кездесіп, қауіпсіздікке қатысты көкейкесті проблемаларды, АҚШ пен Қытай арасындағы әскери ынтымақтастықты жақсарту жолдарын талқылайды». Ол ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен және Қытайдың ұлттық қауіпсіздік министрімен жүздеседі.
Осы сапары барысында Пентагон басшысы сонымен бірге Оңтүстік Корея, Монғолия және Литвада болмақшы.