Пентагон басшысының пікірінше, КХДР-ның жаңа президенті әкесінің «арандатушылық» саясатын жалғастырып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пентагон басшысының пікірінше, КХДР-ның жаңа президенті әкесінің «арандатушылық» саясатын жалғастырып келеді

Пентагон басшысының пікірінше, КХДР-ның жаңа президенті әкесінің «арандатушылық» саясатын жалғастырып келеді

АҚШ Қорғаныс министрі Леон Панеттаның пікірінше, Солтүстік Кореяның жаңа әрі жас басшысы Ким Чен Ын әскери салада әкесі Ким Чен Ирдің саясатын жалғастырып келеді.

  • 25 Қазан 2012
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Солтүстік Корея билігі арандатушылық пиғыл ұстанып отыр. Бұл біздің еліміздің, Оңтүстік Корея мен сол аймақтағы елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді», — деді ол оңтүстіккорейлік әріптесі Ким Кван Чжинмен өткізген баспасөз мәслихатында.

Олар КХДР-дың баллистикалық зымырандарды ұшырып, үшінші ядролық жарылысқа дайындығын осының жарқын дәлелі деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар