Пентагон Ресейге Қазақстандағы зертханалар арқылы биологиялық соғыс ашты - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пентагон Ресейге Қазақстандағы зертханалар арқылы биологиялық соғыс ашты - БАҚ

Пентагон Ресейге Қазақстандағы зертханалар арқылы биологиялық соғыс ашты - БАҚ

Ресейліктер Алматыдағы референс-зертхана АҚШ-тың Ресейге қарсы биологиялық соғыс майданы деп пайымдайды.

  • 7 Қазан 2016
  • 1616
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Новороссия» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, биыл Ресейде суық тию, тұмау сияқты аурулар мезгілінен бұрын басталды. Сәйкестік пе, әлде басқа ма тұмауға қарсы ем болатын шетелдік дәрілер туралы жарнамалар да ресей нарығына әдеттегі уақытынан ерте келді.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елдің көптеген аймақтарында тұмаудың түрлі вирустары белсенді таралып жатқан көрінеді. Тіпті дәрігерлер тұмаудың емделуі қиын белгісіз түрінің де пайда болғанын анықтапты. Ресми статистикалық мәлімет бойынша, Ресейде ағымдағы жылы ОРЗ-дан 3 мыңнан аса адам көз жұмған.

Аталған басылым ерте басталған аурудың асқыну мерзімі дәрі жарнамалаудың уақытымен сәйкес келуін жаза келе, Берлин, Вашингтон, және Берндегілер Ресейде вирустық эпидемия әдеттегі мерзімнен ерте басталатынын қайдан білді, деген сұрақ қояды.

Басылым тілшілерінің жазуынша, америкалық биологиялық зертханалар Ресейдің айналасындағы елдердің бәрінде орналаса бастаған. Мәселен Грузия мен Украина.


«Америкалық бактериологиялық зертханалар Грузияда кеңінен қанат жайды. Бұл туралы 2013 жылы «Роспотребнадзор» басшысы Геннадий Онищенко ескертті. Біздің бағалауымызша, бұл зертханалар АҚШ-тың әскери биологиялық шабуылының маңызды бөлшегі болып табылады»,- деп жазады басылым.

Тілшілер Қазақстанда салынған жаңа зертхана жайлы да алаңдаушылық білдіреді.

«Екі жыл бұрын Алматыда бұрынғы кеңестік обаға қарсы ғылыми зерттеу институтында Орталық референс-зертхана ашылды. Құрылысы 2010 жылы Пентагонның қаржыландыруымен жүргізілді. Жоба бойынша онда 250 адам жұмыс істеуі тиіс»- депті басылым.