Олай болса, қай санның не айтқысы келетінін біле жүрейік. Caravan.kz медиа-порталы нумеролог Құралай Бақыттың кеңесін білді.
Егерде сағатыңызда 1 саны жиі қайталанып тұрса, ойда ұстап жүрген, үнемі сізді алаңдатып жүрген мәселеңіздің басқа да нұсқалар бар. Сізге соны қарастырып көру артық етпейді.
2 саны сізге дәл қазіргі таңда тоқтамай еңбек ету қажет екенін білдіреді. Қазіргі уақытта оған жетерлік күш қуатыңыз бар.
3 санын көрсеңіз армандарыңыз оңай, жылдам орындалатын кез келді дей беріңіз. Бұл уақытта көбірек дұға, тілек айтып жүрген лазым.
4 саны сізге "аздап кідір" деп айтады. Эмоцияға берілмей, асығып-аптықпай ойланған жөн.
5 саны ауқымды өзгерістің белгісі. Жұмыс орнын немесе тұрақты мекенжайыңызды ауыстыруыңыз мүмкін дегендей.
6 санын көруіңіз тек қана материалдық дүниелерге басымдық беріп кеткендігіңізбен байланысты. Бұл сізге "рухани құндылықтарды да ұмытпаңыз" деген белгі. Дәл осы сәтті, дәл осы жерді сезініп өмір сүре біліңіз.
Бірнеше 7 санының кездейсоқ алдыңыздан шығуы жақсы белгі. Жан дүниеңіз баланста деген сөз. Мұны біз "Періштелер сенімен мақтанады" деп те атаймыз. Періштелер сізді қолдап жүр.
8 саны сәттіліктің белгісі. Өміріңіздің жаңа бір кезеңі басталуы да мүмкін. Қазір сіздің жолыңыз болатын уақыт.
Алдыңыздан 9 саны шыға берсе маңайыңызға қарайлаңыз. Қайырымдылықпен айналысқаныңыз жақсы. Айналаңызда сіздің көмегіңізге мұқтаж адам болуы мүмкін.
0 бір шеңберде айналып жүргеніңізді білдіреді. Тоқтап, ойланғаныңыз дұрыс. Сіздің сабақ алып, әрі қарай жылжуыңыз қажет.