Құтқарушылар оны тапқан бойда, бөлеткенің қақпағынан су беріп, көптің көңілін босатты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Аталған бейнежазба желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Белгілі болғандай 2 жастағы Мұмаммед үйінді астында 44 сағат жатқан.
"Түркияның Хатай провинциясында құтқарушылар үйінді астынан су мен тамақсыз қалып, денсаулығы нашарлаған ұл баланы тауып алды. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 2 жастағы Мұхаммед екі тәулік (44 cағат бойы) бетон плиталардың астында жатқан. Балақай толықтай құтқарылғанша, оған бөтелекенің қақпағымен су берген", — деп жазады жергілікті басылым өкілдері.
Желі қолданушылары балақайдың аянышты халін көріп, түрлі пікірлерін жаудырған. Олар: "Періштесі қаққан", "Көрер жарығы бар бала екен", "Алла түрік бауырларымызға сабыр берсін", "Мынадай жантүршігерлік видеоны көріп, жүрек ауырады екен", "Қандай қиын, Алла барлық адамзатты айтпай келген апаттан сақтасын", "Балақай, ата-анаң аман ба екен? Тұл жетім болудан сақтасыншы құдай", — деп жазды олар.
Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен.