Перизат Қайратпен серіктес болған құрылыс компаниясынан ілік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перизат Қайратпен серіктес болған құрылыс компаниясынан ілік шықты

Перизат Қайратпен серіктес болған құрылыс компаниясынан ілік шықты

Астанада 30-дан астам үлескер Перизат Қайраттың қайырымдылық ісінде аты аталған құрылыс компаниясын сотқа берді

  • 27 Қараша
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияға үлескерлер 50 млн-нан 80 млн теңгеге дейін қаражат құйған. Бұл компанияның аты белсенді Перизат Қайраттың қайырымдылық ісінде де аталған. Онда такси жүргізіп, танымал болған жалғызбасты ана Әсел Омарға пәтер берілуі керек болған. Бірақ компания Әсел Омарға үй алып берудің орнына,  тек оның пәтерақысын төлеп келіпті. Одан бөлек, MM Group компаниясы басқа да қайырымдылық қорларынан 20 үйді таратып беретін болған. 

«Біз мамыр айынан бастап оның пәтерақысын төлеп келдік. Квитанциялары бар. Желтоқсан айында «Мені алдап кетті» деп сұхбат бере бастаған соң төлемдерді тоқтаттық. Компания өз міндеттерінен бас тартпайды. Келісімге отырған қорларға уәде еткен пәтерлерді береміз. Біздің компания барлық келісімдерді алып, сараптамадан өткен еді. Бірақ әкімдік ол жер телімін қаланы абаттандыру мақсатында бізден алатынын хабарлады», — дейді MM Group компаниясының басшысы.

Бірақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы MM Group компаниясы аталған мекенжай бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат алмағанын мәлімдеді. 

«2023 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 510-1973 қаулысына сәйкес бұл жер телімі «Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратына» уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен тек абаттандыру және көлік тұрағын салу мақсатында берілген. Аталған пайдалану құқығы құрылыс жүргізу және қоршау орнату құқығын қарастырмайды. Пайдалану құқығының мерзімі 2026 жылдың 25 қыркүйегіне дейін. Сонымен қатар Астана қаласының Бас жоспарына және аталған ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бұл учаскеде көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланбаған және жоспарланбайды да», – деді Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшылары. 

Одан бөлек, компанияның өзге өңірлерде де аяқсыз қалған құрылыстары бар болып шықты.