Перизат Қайраттың ісі сотқа кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перизат Қайраттың ісі сотқа кетті

Перизат Қайраттың ісі сотқа кетті

Перизат Қайратты анасымен бірі соттағалы жатыр.

  • 4 Сәуiр
  • 9
Фото: astana.kz

Волонтер Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жалғыз өзі емес сыбайласы деп анасы да сотталмақ. Әу бастағы жымқырды деген соммаға тағы 2 млрд теңге қосылыпты. Нәтижесінде, бойжеткен біз біргеміз деп 3,5 млрд қалтаға басқан дейді ҚМА.

Ал анасы үйқамаққа алынды. Оған қорға түскен ақшаны өз шотына аударып отырған деген айып тағылуда. Қызы мен анасы бірігіп, миллиардтаған қаржыны ұрлады деген күдікке ілініп отыр. 

Бұл жөнінде Сенатта журналистердің сауалына жауап берген Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 

Еске салайық, волонтер бес ай бұрын ұсталған болатын. 

«Анасы бар, Алашбаева деген. Ол кісі үйқамаққа алынды. Екеуі де күдікті. Сотқа жіберіп жатырмыз. Қызына көмектесіп, түскен ақшаны өзінің шотына алып, банктен шешіп, үй алған, машина алған. Гүл сататын дүкендер сатып алуға көмек берген», — дейді Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.