Перизат Қайраттың көлігі саудаға қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перизат Қайраттың көлігі саудаға қойылды

Перизат Қайраттың көлігі саудаға қойылды

Мүлікті кімдер сатып ала алады?

  • 29 Наурыз
  • 10
Фото: Электрондық сауда порталы

Перизат Қайраттың жымқырған ақшасына алған дүниелері аукционға шықты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Juzmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 79,4 млн теңгелік Mercedes-Benz S450 сатылымға қойылды.

Алаяқтықпен айыпталып, 10 жылға сотталған оның мүлкі 2026 жылдың 7 сәуірінде сатылады. 

Әзірге аталған автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Олардың қатарында әлеуметтік қызмет көрсететін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері, мектепке дейінгі және орта білім ұйымдары, уақытша орналастыру орталықтары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелер бар.

Егер көлік осы санаттағы ұйымдарға берілмесе, кейін ол барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.

Қаржы мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың элиталық жылжымайтын мүліктерін (Akbulak Riviera, Highvill кешендеріндегі пәтерлер), Lexus LX 600, Mercedes EQE секілді қымбат көліктерін және гүл бизнесіндегі (Rebel Flowers) үлесін тәркілеген. Тізімде Loro Piana-ның 9 жұп аяқ киімі, Hermes, Chanel белдіктері және Cartier, Dior брендтерінің көзілдіріктері бар.

Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталды. Тергеу мәліметінше, ол халықтың ақшасына элиталық жылжымайтын мүлік сатып алып, шетелде саяхаттап, сәнді өмір сүрген.