Пермдегі дәмханада бірнеше адамға пышақ жарақатын салған әзербайжандық азамат Қазақстанда ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пермдегі дәмханада бірнеше адамға пышақ жарақатын салған әзербайжандық азамат Қазақстанда ұсталды

Пермдегі дәмханада бірнеше адамға пышақ жарақатын салған әзербайжандық азамат Қазақстанда ұсталды

РФ Пермь өлкесінің Кудымкар қаласындағы кафеде бірнеше адам жарақат алған төбелестен кейін іздеу жарияланған Әзербайжан азаматы ұсталды.

  • 6 Маусым 2011
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Біздің мәліметбойынша, Әзербайжан азаматы өткен бейсенбі күні Алматыда ұсталды. Оны құқық қорғау органының қызметкерлері ұшақтан түсіріп алды. Қазір ол құрықталып, Ресейге экстрадициялау туралы мәселе қаралуда», — деп Кудымкар прокуроры Юрий Тиунов бүгін «Интерфакс-Поволжье» агенттігіне мәлімдеді.

Прокурордың айтуынша, Әзербайжан азаматы денсаулыққа қасақан зиян келтірді деп айыпталуда.
«Тергеу болжамына сәйкес, ол «Атлант» дәмханасында бірнеше адамға пышақ жарақатын салған. Сонымен қатар, полиция қызметкері зардап шеккен. Ол қызметте болмағанымен, оқиға болған жерге келіп жеткен әріптестеріне көмектескен», — дейді Ю,Тиунов.
29 мамырға қараған түні Кудымкардағы «Атлант» кафесінде 15 адам төбелескен. Төбелесті бастаған Әзербайжан азаматы болған. Ол жергілікті тұрғынның үстіне сыра төгу салдарынан кикілжің туындаған. Төбелесу кезінде Әзербайжанның екінші бір азаматы кафеге келген жергілікті тұрғындарға пышақ сілтеген. Оған қатысты іздеу жарияланған.
Оқиға салдарынан алты адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар