Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды

Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды

Мәжілісмен мен министр арасындағы дауға полицейлер нүкте қойды. Ішкі істер министрлігі депутат Азат Перуашевтың Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке қатысты арызын кері қайтарып берді. 

  • 15 Тамыз 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Сотқа дейінгі тексеру жүргізген сақшылар Сәрінжіповтың сөзінен қылмыстық әрекет таппапты. Жалпы, дау Мәжілісте қаралған жоғары оқу орындарын аттестациядан босатып, аккредитациядан өткізуге қатысты заң жобасынан басталған еді. «Ақ жол» партиясының жетекшісі «дәл осы саланы игере алмай отырсың» деп, Білім министрінің отставкаға кетуі керектігін айтқан болатын.  Ал, Сәрінжіпов Перуашевтың өзін  жеке университеттердің қызығушылығын қорғап жүрген  «лоббист» деп салды. Бұны естіген мәжілісмен шалқасынан түсті. Сөйтіп, «ар-намысыма кір келтірді, жұмысыма кедергі жасады» деп министрдің үстінен Бас прокуратураға шағымданды.  Сол арызды сақшылар екі айдан аса қарапты. Қылмыстық әрекет таппаған соң істі сотқа жеткізбей тоқтатқан. Жалпы, Перуашевты Сәрінжіпов ғана емес, бұған дейінгі Білім министрі Бақытжан Жұмағұлов та «лоббист» деп атаған еді. Ол кезде депутат дәл бұлай  шамданбаған. 

Соңғы жаңалықтар