Қоғамдық көлік жүргізушісі тас жолға жүгіріп шыққан жануарды айналып өтем деп, тізгінге ие бола алмай қалыпты. Соның салдарынан көлік жолдың шетіндегі сайға құлап, бірнеше рет аударылған. Автобуста болған 66 жолаушының 20-сы оқиға орнында мерт болды, тағы ондаған адам ауыр жараланды. Аман қалған жолаушылардың айтуынша, жүргізуші қауіпті аумақта жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберген.