Перуде бірден 20 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перуде бірден 20 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды

Перуде бірден 20 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды

Перуде бірден 20 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды. Ел астанасы Лимадан Аякучо қаласына бара жатқан үлкен автобус тау арасындағы жолда апатқа ұшыраған.

  • 2 Маусым 2011
  • 321
Фото - Caravan.kz


Қоғамдық көлік жүргізушісі тас жолға жүгіріп шыққан жануарды айналып өтем деп, тізгінге ие бола алмай қалыпты. Соның салдарынан көлік жолдың шетіндегі сайға құлап, бірнеше рет аударылған. Автобуста болған 66 жолаушының 20-сы оқиға орнында мерт болды, тағы ондаған адам ауыр жараланды. Аман қалған жолаушылардың айтуынша, жүргізуші қауіпті аумақта жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберген.   

Соңғы жаңалықтар