Бұл жерде де халық жергілікті биліктің жоспарына наразы. Жастар Уанкавелика қаласында тағы бір жоғарғы оқу орнының ашылуына қарсы. «Себебі, провинцияда жаңа мемлекеттік университет ашылса, ескісін қаржыландыру қысқарады» — дейді олар. Осыған ашынған студенттер жергілікті әкімшілік маңына жиналып, жақын маңдағы бірқатар ғимараттарға от қойған. Бейберекетсіздікті тоқтату үшін полицияның барлық құрамы жұмылдырылғанымен,қақтығыстар екінші күн қатарынан жалғасуда.