Перзентханада аналары өзара келісіп, балаларын айырбастап алған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перзентханада аналары өзара келісіп, балаларын айырбастап алған

Перзентханада аналары өзара келісіп, балаларын айырбастап алған

Алматы облысының перзентханаларының бірінде аналары балаларын айырбастап алған.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл факті олар ХҚО-да баланың тууы туралы куәлігін ресімдеп жатқан кезде белгілі болды.

Бұл туралы «Экспересс К» газеті бүгінгі нөмірінде жазды.

Алдымен перзентхана қызметкерлеріне күдік тағылды, алайда полиция баланы ауыстыруға олардың еш қатысы жоқ екендігін анықтады. Мұны нәрестелердің аналары өздері шешкен болып шықты.

Біреуінің отбасында бес қыз болса, біреуінде төрт ер бала болған. Тиісінше, олардың бірі ұл, ал бірі қыз бала болғанын қалаған. Тағдырдың жазуымен екі ананың да арманы орындалмаған. Сөйтіп олар ойда жоқта осындай шешім қабылдап, ауруханадан шыққанда ешкімге тіс жармаған. Алайда ХҚО-да олардың құпиясы ашылып қалды. Анықтамада көрсетілген баланың жынысы нақты жазбада көрсетілгенге сәйкес келмеген.

Сотта ата-аналары бұлай айырбастаудың қылмыс емес екенін дәлелдеуге тырысты. Олар өздері жақсы көріп үлгерген баланы алып қоймауды өтінді. Балалар асырап алған отбасыларда қалады.


Кейіннен ер баланың ата-анасы өз ұлдарын кері қайтарып алған…

Соңғы жаңалықтар