Перзентханада сәбиі шетінеген ана дәрігерлерді айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перзентханада сәбиі шетінеген ана дәрігерлерді айыптауда

Перзентханада сәбиі шетінеген ана дәрігерлерді айыптауда

Астанада кезекті медициналық дау! Айы-күні жетіп Елордадағы перзентханалардың біріне босануға барған келіншектің сәбиі шетінеп кетті. Күтпеген жерден осындай қасіретке тап болған әйел сұмдық оқиғаның орын алуына дәрігерлерді айыптап отыр. Өйткені толғағы қысып, қан кетіп жатқанына қарамастан ақ халаттылар 11 сағат бойы көмекке келмеген. Ал периниталдық орталықтың басшылығы мұндай әрекеттерін түсіндіруден бас тартып екі күннен бері тілшілерден жасырынып жүр. 

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

Қайғыдан қан жұтқан Еркінбек зиратқа бүгін тағы келді. 28 жастағы жігіт тағатсыздана күткен алғашқы перзентін қара жердің қойнына тапсырамын деп мүлдем ойламаған еді. Енді Айлин деген есімі беріліп те үлгермеген қызының бейіт басына күнде келіп құран бағыштайды.

Еркінбек Арыс, Ә.Байғозиеваның күйеуі:

Мен жасамай-ақ қойыңдар. Өлген бала өлді ғой деп айтқанмын. Алып кетіп қуыршақтай баламды кесіп тастады. Бала ғой нәресте. Сол күйінде жерге тапсырамын дегем. Мәйітханадан алып шығып көмдім.

Ал тұңғыштарынан айырылып қара жамылған ерлі-зайыптылар әбден есеңгіреп қалған. Өйткені 24 жастағы Әйгерім айы күні жетіп перзентханаға барғанда қорлыққа тап болыпты. Келіншектің айтуынша, толғағы қысып қан кетіп жатқанына қарамастан ақ халаттылар жайбарақат жүре берген.

Әйгерім Байғозиева, зардап шегуші:

Қан десем ол бірінші босанғанда бола береді деді. Мен көрсетіп жатырмын қан деп. Қазір бала қанмен тұншығады. Маған болмайды қан кетуге десем қараған жоқ. Содан бала тұншығып қалды. Таңғы сағат жетіге дейін 11 сағат дәрігердің қарауынсыз қалдық.

Осыншама уақыт жәрдем күтіп қиналғандықтан шақалақтың жүрегі тоқтап, құрсақта шетінеп кеткен. Дер кезінде көмек көрсетілгенде шарана  салмағы 3 жарым келі бойы 55 сантиметр боп жарық дүние есігін ашар еді. Осыған жүрегі сыздаған ана болған жағдайға дәрігерлерді айыптап отыр. Ал қайғылы жәйт Астанадағы осы №2 перзентханада үш он екі саны қатар келген күні орын алған. Мұндағылар тілшілер келе жатыр дегенді естіп әзірлікті күшейтіпті. Күзетшілері жағаласып түсіру тобын босағадан ары аттатқан жоқ. Ал орталықтың бас дәрігері түрлі сылтау айтып түсініктеме беруден әлі қашып жүр.


Еркінбек Арыс, Ә.Байғозиеваның күйеуі:

Менің балам кетті. Енді Алла жар болсын қызыма. Ал басқалардың балалары да осылай кетіп қалуы мүмкін ғой. Сондықтан мен істің соңына дейін барғанын қалаймын.

Сондықтан жарық дүние есігін шырылдап аша алмаған бейкүнә Айлиннің ата-анасы кінәлілер жазасын алмайынша тынышталмауға бел буған.

Өйткені перзентхана жан-жарасы әлі жазылмаған келіншектің өзін кінәлауға көшкен. Сөйтіп өздерін ақтап алуға тырысып жатқан көрінеді. Бірақ Әйгерім Байғозиева 9 ай бойғы жүктілік кезімде денсаулығымда еш кінәрат табылмады дейді. Дәрігерлердің кесірінен тұңғышымыздан айырылдық деген отбасы қазір прокуратура мен Денсаулық сақтау министрінің атына арызданып та қойды.