Перзентханада сәбиінің шетінеп кетуіне ата-анасы дәрігерлерді айыптап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перзентханада сәбиінің шетінеп кетуіне ата-анасы дәрігерлерді айыптап жатыр

Перзентханада сәбиінің шетінеп кетуіне ата-анасы дәрігерлерді айыптап жатыр

Шымкентте медицина төңірегінде кезекті дау. Перзентханада сәбиінің шетінеп кетуін ата-анасы ақ халаттылардан көріп отыр. Айтуларынша, жарық дүниеге пердесімен келген нәрестеге дәрігерлер дұрыс ем жасамаған. Қала берді, босанған ананы емдеу мекемесінен шығарарда берілетін анықтамада баланың өлімі туралы бір ауыз сөз жоқ. Ал ақ халаттылар әдеттегідей ананың өзін кінәлаумен шектелді.

  • 15 Қараша 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Екі баланың анасы Ұлжан Бекболатова үшінші ұлынан перзентханада айырылып қалды. Салмағы 4 келідей болған нәресте пердесімен бірге туылған. Арада тәулік өткесін шақалақ тұншығып қалыпты. Перзентінің шетінеуіне анасы дәрігерлерді кінәлап отыр.

Ұлжан Бекболаева, перзентханада шетінеген нәрестенің анасы:

Дәрігер болғасын білетін шығар дегем. Туыла сала нәрестенің құйрығынан шапалақпен ұрады. Сол кезде ол жылап дыбыс шығарады да, өкпесіне ауа барады. Ал олар оны жасаған жоқ. Босану залында жатқанымда акушерге «баламның аузы мен мұрнынан сары сұйықтық шығып жатыр» деп ескерттім. Олар мән берген жоқ.  

Бақыт Әжібеков,перзентханада шетінеген нәрестенің әкесі:

— Өкпесі ашылмаған. Қаны бар аздап. Бір су бар. Яғни, бұл жерде балам дем ала алмай қалды.

Перзенханадан қайғыдан қан жылап шыққан анаға дәрігерлер «жағдайы қанағаттанарлық» деп анықтама да беріпті. Ал нәрестенің өлімі туралы сол құжатта бір сөз жазылмаған. Бірі «бұл тек анаға қатысты анықтама» деп ақталғысы келсе, перзентхананың тағы бір қызметкері анықтаманы көріп таң қалды.


Мадина Асылбекова, ОҚО №2 периноталдық орталықтың балалар бөлімінің меңгерушісі:

Нәрестенің перзентханада шетінегені көрсетіле ме?

— Көрсетілуі керек.

— Ал мына қағазда көрсетілмеген.

— Оны мен сізге… ештеңе айта алмаймын. Себебі мен акушер-гинеколог емеспін. Мүмкін енді… қалай жазылғанын мен айта алмаймын.

Дәл осы перинаталдық орталыққа емханадан жеткізілген тағы бір келіншек құрсағындағы 7 айлық шарананың өлі екенін осында келіп бір-ақ біліпті.

Юлдуз Ырысметова, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Өзі барып қан қысымын өлшеткен. Тексеру жасатқан. Баланың өлгенін айтпаған. Жедел жәрдемді гипертонзия- қан қысымының жоғарылауы деп шақыртқан.

Соңғы уақытта облыста ана мен бала өлімі жиілеп кетті. Өкінішке орай оның нақты санын білу мүмкін болмады. Соңғы кездері шикілігі жиі айтылып жүрген өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы БАҚ өкілдерінен бекініп алғандай, қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Қалай болғанда да Оңтүстіктегі дәрігерлердің біліктілігін кезінде Елбасының өзі сынаған болатын.

Соңғы жаңалықтар